Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Әлемнің даңқты балуаны Хасан Яздани Садулаевтың салмағына ауысты

21.11.2024, 20:10

Иранның танымал спортшысы 86 келіден 92 келіге көтерілді

Әлемнің даңқты балуаны Хасан Яздани Садулаевтың салмағына ауысты
tonyrotundo.smugmug.com

Еркін күрестен Олимпиада чемпионы, парсы балуаны Хасан Язданидың бапкері мәлімдеме жасап, шәкіртінің жаңа салмақта белдесетінін жариялады.
 
Бұдан былай Иранның танымал спортшысы 86 келіден 92 келіге көтеріліп, жаңа салмақта өнер көрсетеді. Бұған балуанның алған жарақатынан кейінгі ота себеп болған көрінеді. Спортшы екі рет күрделі ота жасатып, біршама салмақ қосқан. Алайда бірнеше келі салмақ қуу оның жарақатын қайта асқындырып жіберуі мүмкін болған соң осындай шешімге келген.
 
Хасан Яздани 74 келіде Рио Олимпиадасында чемпион атанса, Токио және Париж Олимпиадасында 86 келі салмақта күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ, ол әлемнің үш дүркін чемпионы, үш мәрте күміс, бір рет қола медаль иеленген.

Айта кететін жайт, Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Абдулрашид Садулаев жақында Тиранада өткен әлем чемпионатында 92 келіде белдесіп, жеңімпаз атанған еді. Бұл сында дағыстандық балуан Хасан Язданидың қарымды қарсыласы, АҚШ балуаны, Олимпиада чемпионы Дэвид Тейлорды ұтқан еді. Алдағы уақытта Садулаев 92 келіде белдесетін болса, демек Хасан Язданимен жарыстар жолы түйісуі әбден мүмкін...

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам