Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Ақтаудағы ММА спортшысының өлімі: сараптама қорытындысы жарияланды

22.11.2024, 09:32

Спортшының өлім себебін анықтау мүмкін болмаған

Ақтаудағы ММА спортшысының өлімі: сараптама қорытындысы жарияланды
sports.kz

Ақтауда денесі табылған ММА спортшысы Вусал Джафаровтың сараптама қорытындысы жарияланды.

Lada мәліметінше, спортшының қан құрамынан есірткі анықталмаған. Ал сот-медициналық сараптамасының қорытындысы туралы Вусалдың бауыры Гусейн Джафаров мәлімдеді.

Мәйіттің ішкі ағзаларының іріп кетуіне байланысты өлімнің нақты себебін анықтау мүмкін болмаған.

«Химиялық-токсикологиялық зерттеу кезінде қанда этил спирті — 0,61% (промилле), бүйректе — 1,25% (промилле) анықталды; қаннан, бауыр тіндері мен бүйректен барбитур қышқылының туындылары, ноксирон, морфин, кодеин, тебаин, есірткі, моноацетилморфин, гидрокодон, дионин, промедол, деазепам, нитразепам табылмады», — делінген сараптама нәтижесінде.

Естеріңізде болса, аралас жекпе-жек шеберінің денесі 20 қыркүйекте табылды. Оқиға орнын тексеру кезінде шприц, ал ер адамның шұлығынан ұнтақ тәрізді зат табылды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам