Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Балуан Нұрқожа Қайпановтың әйелі әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

22.11.2024, 11:13

Спортшылар төрт жыл бұрын отау құрған

Балуан Нұрқожа Қайпановтың әйелі әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Қазақстан күрес федерациясы

Жақында Тиранада өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында топ жарған қазақ балуаны Нұрқожа Қайпановтың әйелі де дүниежүзілік біріншіліктен жүлде алды.

Ереванда әскерилер арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде Марина Седнева 55 келіде белдесіп, қола медальға қол жеткізді.

Бұл белгілі спортшының биыл қол жеткізген алғашқы жетістігі емес. Ол жақында ғана Таразда өткен ел кубогында чемпион атанған болатын.

Марина Седнева 2020 жылдың күзінде Нұрқожа Қайпановқа тұрмысқа шыққан еді. Спортшылар отбасы бүгінде бір ұл баланы тәрбиелеп отыр.

Оның күйеуі Нұрқожа Қайпанов 28-31 қазан күндері Албания астанасында аяқталған әлем чемпионатында 70 келіде чемпион болды. Ол ел тарихында еркін күрестен әлем чемпионы атанған екінші балуан ретінде есімі тарихқа еніп отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам