Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Конор Макгрегор зорлау ісі бойынша кінәлі болып шықты

23.11.2024, 09:25

Сот отырысында жәбірленуші әйел жеңіске жетті

Конор Макгрегор зорлау ісі бойынша кінәлі болып шықты
Gettysport

UFC-дің екі салмағында чемпион атанған тұңғыш спортшы Конор Макгрегорға алты жыл бұрын Дублиндегі қонақүйде әйелді зорлады деген айып тағылған. Сот отырысында жәбірленуші әйел жеңіске жетті.

Daily Mail мәліметіне сүйенсек, 36 жастағы ирландиялық спортшыға 2018 жылғы желтоқсанда Дублиннің оңтүстігіндегі қонақүйде 35 жастағы Никита Хэндке (Никита Ни Лаймхин атымен де танымал) қатысты "қатыгездікпен зорлады және соққыға жықты" деген айып тағылған.

Алты сағаттан астам талқылаудан кейін Дублиннің Жоғарғы сотының қазылар алқасы әйелге 250 мың еуро көлемінде өтемақы төлеу туралы шешім шығарды. Бұған дейін Макгрегор сотта Хэндпен қарым-қатынасы екіжақты келісім негізінде болғанын айтып, оған зардап келтіргенін жоққа шығарған.

Сот ғимаратының алдында журналистермен сөйлескен жәбірленуші соңғы екі апта оның өміріндегі ең қиын кезең болғанын атап өтті, бірақ өзін әділдікке қол жеткізгендей сезінетінін жеткізді.

Сонымен қатар, Макгрегордың досы Джеймс Лоуренсті әйел қонақүйде шабуыл жасады деп айыптаған, бірақ сотта ол жеңіліс тапты.

 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам