Спортшының Көлсайда жүрген сәтінен видео жарияланды
Еркін күрестен Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Абдулрашид Садулаев Алматыға келді.
Белгілі спортшының елімізге сапары туралы ұлттық құрама мүшесі Әлішер Ерғали мәлімдеді. Спортшы кезекті сапарында Көлсайға барып, тамаша табиғат көрінісіне куә болған.
Абдулрашид Садулаев әзірге елімізде қанша уақыт болары белгісіз.
Еркін күрестің әлемге танымал өкілі жақында Тиранада өткен әлем біріншілігінде 92 келіде белдесіп, жеңіске жеткен болатын. Осылайша Дағыстанның тумасы өз мансабында әлем біріншілігінің алтыншы алтынына ие болды. Сондай-ақ, спортшы Рио және Токио Олимпиадасында чемпион атанған. Ол биыл Париж Олимпиадасынан шеттетілген еді. Алайда Албания олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша өткен біріншілігінде өзінің негізгі салмағынан (97 келі) 5 келі төмен дәрежеде сынға түсті.