Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Кегенде әкім болып жүрген Нұрбақыт Теңізбаев жаңа қызметке тағайындалуы мүмкін

27.11.2024, 13:46

Министр 10 аймақтың спорт басқармасында ауыс-түйіс болатынын айтқан

Кегенде әкім болып жүрген Нұрбақыт Теңізбаев жаңа қызметке тағайындалуы мүмкін
7-su.kz

Грек-рим күресінен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев енді Алматы қаласының спорт басқармасына жетекшілік етуі мүмкін. Ол қазіргі кезде Алматы облысы, Кеген ауданының әкімі қызметін атқарып жүр.

«Дядя Ваня» телеграм арнасының жазуынша, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Мәжілісте 10 аймақтың спорт басқармасының басшысының ауысатынын айтқан.

Қазіргі кезде Қарағанды мен Павлодар облыстарына жаңа басшы тағайындалды. Алматы қаласына Нұрбақыт Теңізбаев баруы мүмкін. Ол Кеген ауданына әкім болғанға дейін Алматы облысының спортын басқарған.

Нұрбақыт Молдахметұлы 1983 жылы 10 сәуірде Алматы облысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылында туған. Грек-рим күресінен бірнеше дүркін Азия чемпионатының жүлдегері. 2008 жылғы Бейжің олимпиадасының вице-чемпионы.2009 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам