Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Ғұсман Қырғызбаевқа жерлестері су жаңа автокөлік мінгізді (ВИДЕО)

02.12.2024, 15:12

Оның туған жерінде Ғұсман Қырғызбаев атындағы республикалық турнир өтті

Ғұсман Қырғызбаевқа жерлестері су жаңа автокөлік мінгізді (ВИДЕО)
фото автордан

Дзюдодан Париж олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев  тағы да көлікті болды. Бұл жолы даңқты спортшыға жерлестері су жаңа «HAVAL» автокөлігінің кілтін табыстады.

Айта кетейік, Ғұсман Қырғызбаев Түркістан облысы Ордабасы ауданына дүниеге келген. Күні кеше осы ауданның орталығында дзюдодан жасөспірімдер арасында Ғұсман Қырғызбаев атындағы республикалық турнир мәресіне жетті. Айтулы жарыстың ашылу салтанатына Олимпиада жүлдегерінің өзі келген.

Турнир барысында Ордабасы ауданының атынан жергілікті кәсіпкерлер Қырғызбаевқа автокөліктің кілтін берді. Дзюдошы көлікті сол жерде тізгіндеп, ел ағаларына алғысын айтты.

Айта кетейік, Ғұсман Қырғызбаев Париж олимпиадасында 66 келіде қола жүлдегер атанды. Ол сондай-ақ, әлем чемпионатының күміс және Азия чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері.

Парижден елге оралғаннан кейін оған демеушілер бірнеше автокөлік мінгізіп үлгерген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам