Нариман Құрбанов жаңа атаққа қол жеткізді

03.12.2024, 16:15

Спорт және дене шынықтыру комитеті жаңа куәлік табыстады

Нариман Құрбанов жаңа атаққа қол жеткізді
ҰОК

Спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбановқа жаңа атақ берілді.

Белгілі спортшыға төртжылдықтың басты ойындарындағы айтулы жетістігі үшін Спорт және дене шынықтыру комитеті жаңа куәлік табыстады. Енді ол спорттық гимнастикадан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері атанып отыр.

Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында Қазақстан спортшылары иеленген үшінші күміс жүлдеге қол жеткізді. Ол жарыс кезінде жаттығуды ең бірінші болып орындап, 15.433 ұпай иеленген еді. Отандасымыз Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадағы тұтқалы ат жаттығуы бойынша өнер көрсеткен болатын.

Бұдан бөлек, күміс жүлдені Нұрбек Оралбай иеленсе, грек-рим күресінен Демеу Жадраев қол жеткізген еді. Сонымен бірге, Елдос Сметов чемпион атанса, тағы үш спортшы қола жүлдеге ие болды.

 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам