Бұл туралы спортшы әлеуметтік желіде жазба жариялады
Дзюдодан Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Лукаш Крпалек алдағы жоспарымен бөлісіп, спорттық мансабын жалғастыратын мәлімдеді.
Париж Олимпиадасында жүлдеден тыс қалған спортшы енді әлем чемпионы атану үшін барын салмақ. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желіде жазба жариялады.
«Бұл 10 жылға созылған әдемі кезең болды. Бұл уақытта мен кимономның арқасына алтын және қызыл түстес жазумен есімімді жазып күрестім. Енді көк түспен сынға түсіп, алда кемінде әлем чемпионы атану үшін барымды саламын», - деп жазды дзюдошы.
Лукаш Крпалек 2016 жылы Рио Олимпиадасында -100 келіде чемпион атанса, Токиода +100 келіде үздік шықты. Ол 2014 және 2019 жылдары екі түрлі салмақ дәрежелерінде чемпион болды. Сондай-ақ, 2011, 2013, 2023 жылдары әлем біріншілігінде күміс және қола медальдарға қол жеткізген.
Спортшы 2014 жылы қазақ күресінен Павлодарда алғаш рет ұйымдастырылған "Әлем барысы" турниріне қатысқан болатын. Спортшы ширек финалға дейін жетіп, жартылай финалға шығар сында Бейбіт Ыстыбаевқа белдесу сәтінде есе жіберген еді. Сол турнирде ол көрермендер көзайымы атанып, 5 мың АҚШ долларына ие болды.