Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

«Танысқанда жасы 11-де болған»: Әлем чемпионы Жібек Құлымбетоваға бапкері ұсыныс жасады

04.12.2024, 09:44

18 жастағы спортшы қыз джиу-джитсудан сегіз мәрте әлем чемпионы атанды

«Танысқанда жасы 11-де болған»: Әлем чемпионы Жібек Құлымбетоваға бапкері ұсыныс жасады
instagram.com/zhibek_bjj

Джиу-джитсу мен грэпплингтен 11 дүркін әлем чемпионы Жібек Құлымбетоваға тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасалды. Бойжеткеннің таңдауы өзінің жаттықтырушысы, 6 дүркін әлем чемпионы Самат Айтпанбетке түскен.

27 жастағы Самат Айтпанбет бұл қуанышты жаңалықты Instagram парақшасында бөлісті. Ол Жібек Құлымбетоваға Алматыда 18 жасқа толған туған күнінде ұсыныс жасаған. Олар 2018 жылы Жібектің жасы небәрі 11-де болған кезде танысқан. Содан бері олар бірге жаттығып, жарыстарға қатысып келген. Жеті жыл өткеннен кейін ресми түрде некелесуге шешім қабылдаған.

«Енді біз ресми түрде жұппыз», — деп жазды  Самат Айтпанбет.

18 жастағы қазақстандық Жібек Құлымбетова қараша айында Грекияда өткен жастар арасындағы (U21) джиу-джитсу бойынша әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, джиу-джитсудан сегіз мәрте әлем чемпионы атанды. Ол 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

Ал Самат Айтпанбет UWW грэпплинг чемпионатында «GI» қатарынан екінші рет жеңімпаз атанды. Ол 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді және Самат Рамазанов атындағы академияның негізін қалаушы әрі бас жаттықтырушысы. Оның қоржынында алты алтын медаль бар — үш рет джиу-джитсудан және үш рет грэпплингтен жеңіске жеткен.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам