31 жастағы қырғыз балуаны 4 рет Олимпиада ойындарына қатысты
Әйелдер күресінен Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Айсұлу Тыныбекова тұрмысқа шықты.
Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында өмірлік серігін тапқанын қуанышпен мәлімдеді.
"Өз адамыңа жолыққанда сөз ашық болады екен. Мен бақытты жан дүние тыныштығынан жауап күтпестен әрекет еткен адамнан таптым", - деп жазды спортшы.
Айсұлу Тыныбекова биыл 31 жаста. 62 келіде күресетін қырғыз балуаны 4 рет Олимпиада ойындарына қатысты. Ол алғаш рет Лондон Олимпиадасында сынға түсіп, содан кейін елдегі әйелдер күресінің дамуына тың серпін берді. Рио Олимпиадасында бесінші орынға табан тіріп, Токиода күміс, Парижде қола жүлде иегері атанды.
Ол егемен қырғыз тарихында әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы. Тыныбекова әлемнің 3, Азияның 6 дүркін чемпионы. Сондай-ақ, Азия Ойындаорында алтын, күміс, қола жүлде иегері атанған. Бұдан бөлек, әлем біріншілігінде бір рет қола, Азия чемпионатында 2 күміс, 2 қола медальді иеленді. 2020 жылы әлем кубогында топ жарды.
Айта кететін жайт, Айсұлу Тыныбекова 2028 жылы өтетін Олимпиадаға қатысуды көздейтінін атады. Сондай-ақ, ол Қырғызстанның күрес түрлері федерациясына вице-президент болып сайланған болатын.