«Ливерпульге» жеңіс керек емес. «Реалға» жанымыз ашиды. «Мансити» қашан қатарға қосылады?

Олимпиада жүлдегері қамауда отыр

10.12.2024, 14:57

Тәртіп сақшылары Зурабты ұрып-соққан

Олимпиада жүлдегері қамауда отыр
georgiatoday.ge

Тбилисиде үкіметке қарсы өтіп жатқан жаппай ереуіл кезінде еркін күрестен екі дүркін әлем чемпионы Зураб Датунашвили қамауға алынды. 32 жастағы Еуропаның үш дүркін чемпионы, 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Courtyard Marriott қонақ үйінің маңында ұсталған.

Әлеуметтік желіде таралған видеода тәртіп сақшыларының Зурабты ұрып-соққанын көруге болады. Спортшының мойын және кеуде тұсынан жарақат алғаны белгілі болды.

Негізі соңғы жылдары Зураб Датунашвили Сербия атынан өнер көрсетіп жүрген. Грузия күрес федерациясының президенті Геги Гегешидзе өзіне қол көтерген соң, ол 2019 жылы елден кеткен. Ал Гегешидзеге зорлық-зомбылық жасады деген айыптар тағылып, Датунашвили оны федерацияны сыбайлас жемқорлық пен тамыр-таныстықтың ордасына айналдырды деп айыптап, отставкасын талап еткен болатын.

Бүгінде Зураб екі елдің азаматы.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам