Сындырып тастаймын: «Мотиватор» Амантаевты қалай жеңбекші? Эфирде ескі жараның беті ашылды

Қытай құрамасында белдесетін қазақ балуаны Алматыға келді

12.12.2024, 11:44

Бұған дейін қос балуан Қытайда кездескен еді

Қытай құрамасында белдесетін қазақ балуаны Алматыға келді
әлеуметтік желі

Қытай құрамасындағы этникалық қазақ балуаны Әбусайман Хабила Қазақстанға табан тіреді. Бұл туралы еркін күрестен ұлттық құрама балуаны Әлішер Ерғали мәлімдеді.

Көрші елдің ұлттық құрамасында өнер көрсететін балуанды Әлішер Ерғалидің қарсы алған белгілі болды. Бұған дейін қос балуан Қытайда кездесіп, Әбусайман Хабиланың шаңырағында қонақ болған еді.

Аталған сапар аясында отандасымызды Қытайда қазақ балуандары күтіп алып, меймандостық көрсеткен-тін. Бұған дейін Әлішер Ерғали өзінің қытайлық қарсыласы туралы айтып, өзара байланысына қатысты пікір білдірген.

«Қытай атынан күресетін қандасымыз Әбусайманды 2018 жылдан бері танимын. Алғаш рет біз Делиде өткен Азия чемпионатында күрескен болатынбыз. Екеуіміз қола жүлде үшін күресіп, мен басым түстім. Өмірде хабарласып, араласып тұрамыз. Жарыстарда да жиі жолығамыз. Таразда өткен Д.Қонаев турниріне қатысуға келгенінде бапкерімен бірге арнайы сөйлестік. «2025 жылы Қытайда өтетін спартакиаданың дайынғына келіп көмектессең» деп өтініш айтты. Біз бірден ол ұсынысқа келісім бердік. «Бауырымызға барып көмектесейік» деп бапкерім де мүдделі болды. Ол жігіттің бапкері де қазақ. Жақсы жігіттер», - деді болатын Әлішер Ерғали.

Айта кететін жайт, қос балуан Париж Олимпиадасында 97 келіде күресіп, жүлдесіз қалды. Әбусайман алғашқы белдесуінде Рио Олимпиадасының чемпионы, америкалық Кайл Снайдерге алғашқы айналымда есе жіберсе, Әлішер Ерғали бірінші белдесуінде жеңіске жетті. Ал екінші айналымда ол болашақ Олимпиада чемпионы Ахмед Тажудиновке жол берді. Ал жұбаныш белдесуінде ол парсы спортшымен кілемге шығып, жеңісті уысынан шығарып алды.

Бұған дейін еркін күрестен Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Абдулрашид Садулаев та Алматыға келген болатын. Сапар аясында еркін күрестің танымал өкілі Әлішер Ерғалимен қаланың көптеген көрнекті орындарын аралады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам