Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 150 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 150 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Атыраулық спорт шебері Спорт министрлігін сотқа беріп, жеңіске жетті

13.12.2024, 11:55

Ол жүлделі орындар үшін сыйақы төлеуді талап еткен

Атыраулық спорт шебері Спорт министрлігін сотқа беріп, жеңіске жетті
әлеуметтік желі

Атыраулық спорт шебері жүлделі орындар үшін сыйақы төлеуді талап етіп, сотта жеңіске жетті. Бұл туралы inform.kz тілшісі жазды.

Атырау қаласының тұрғыны, спорт шебері, 2021 және 2023 жылдары өткен халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болғаны үшін Туризм және спорт министрлігіне сыйақы төлеу туралы өтініш білдірген. Алайда министрлік спорт ардагерлеріне сыйақы төлеуді қарастырмайтын Ережеге сілтеме жасап, өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан. Бұл шешіме келіспеген спортшы сотқа шағымданып, әділдікке қол жеткізді.

Спортшы 2021 жылы дзюдо бойынша Лиссабонда (Португалия) өткен жарыста, 2023 жылы Астана қаласында өткен Азия және Мұхит аймағы чемпионатында, Орал қаласында өткен самбодан әлем чемпионатында және Әбу-Даби (БАӘ) қаласында өткен дзюдодан әлем чемпионатында жүлделі орындарға ие болды.

Сот Спорт министрлігі бекіткен Ережелерге сәйкес, халықаралық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ ұлттық құраманың мүшелеріне жүлделі орындары үшін 100% көлемінде ақшалай сыйақы төленуі тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар, Ережеде спорт ардагерлеріне сыйақы төлеуге тікелей тыйым салынбағаны да көрсетілген.

Осыған байланысты сот талапкердің шағымын қанағаттандырып, министрлікті спортшыға әлем чемпионаттарындағы жүлделі орындары үшін сыйақы төлеуге міндеттеді. Алайда, сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам