ЖБ Шоу #11! Жаңа шығарылым! Азиада-2011: Алматыдағы «позор»

Даниял Ахметовтің қызметін иеленген Ольга Рыпакова жоспарымен бөлісті

13.12.2024, 14:44

Ол енді бар тәжірибесін отандық спорттың дамуына арнамақ

Даниял Ахметовтің қызметін иеленген Ольга Рыпакова жоспарымен бөлісті
ҰОК

Жеңіл атлетика федерациясының президенті болып сайланған Ольга Рыпакова алдағы жоспарымен бөлісті.

Үш Олимпиададан жүлде алған жеңіл атлет енді бар тәжірибесін отандық спорттың дамуына арнамақ.

«Маған көрсеткен сенімі үшін зор ризашылығымды білдіргім келеді. Жеңіл атлетиканы, өмір бойы айналысқан спорт түрін насихаттау бойынша маған жүктелген міндеттемелер үшін жауапкершілікті түсінемін. Өз тарапымнан Даниал Кенжетайұлының Қазақстанда жеңіл атлетиканы дамыту бойынша жүргізіп жатқан Федерация курсын жалғастыру бойынша бар күш-жігерімді, білімім мен тәжірибемді жұмсауға ниеттімін. Сондай-ақ барлық спортшыларға, әріптестерге, спорт шенеуніктеріне және барлық жанкүйерлерге осы уақытқа дейін алған көптеген құттықтауларым үшін алғыс айтқым келеді», - деді ол.

Ольга Рыпакова ұзындыққа секіруден Лондон Олимпиадасында чемпион атанған еді. Сондай-ақ, ол Бейжіңде күміс, Риода қола жүлдені иеленді. Азия Ойындарында 4 мәрте жеңімпаз атанса, әлем чемпионатында үш рет жүлдегер болды.

Ол бірнеше күн бұрын федерацияны ұзақ жылдар бойы басқарған Даниял Ахметовті алмастырды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам