Бұл оқиғаны қазақтардың көбі білмейді. Жаңа ЖБ Шоу!

Әлем чемпионы атанған Нұрқожа Қайпановқа министрлік медаль берді

14.12.2024, 13:54

Жәмилә Бақберген мен Ангелина Лукас та марапаттан шет қалмады

Әлем чемпионы атанған Нұрқожа Қайпановқа министрлік медаль берді
olympic.kz

Қазан айында Тиранада өткен әлем чемпионатында топ жарған Нұрқожа Қайпановқа Қорғаныс министрлігі медаль тапсырды.

Мереке қарсаңында марапатқа ие болғандардың қатарында әйелдер күресінен әлем біріншілігінің төрт дүркін жүлдегері Жәмила Бақбергенова да бар.

Бұл туралы аталған спортшылар әлеуметтік желіде мәлімдеп, салтанатты жиыннан бірнеше фотосурет жариялады. Балуандар Қорғаныс министрлігі жанындағы әскерилердің орталық спорт клубында өнер көрсететін айта кету керек.

Сонымен қатар, қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукасқа да министрдің құрмет грамотасы табысталғаны белгілі болды. Спортшы аталған марапат үшін елімізге арнайы ұшып келген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды7
Ұнамайды0
Күлкілі2
Ашулану1
0 Пікір
Сіздің пікірікіз редакция тексеруінен өтеді
СоңғыТанымал
Әзірге жазылған пікір жоқ
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам