ЖБ Шоу #11! Жаңа шығарылым! Азиада-2011: Алматыдағы «позор»

Дзюдодағы «юко» ұпайы қайтарылады

14.12.2024, 14:49

Бұған дейін ол әдіс 2017 жылға дейін қолданыста болған

Дзюдодағы «юко» ұпайы қайтарылады
Reuters

Стамбұлда Халықаралық дзюдо федерациясы төрешілері мен жаттықтырушыларының екі күндік семинары басталды. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған мамандар дзюдо ережелерін қайта қарастыруда. Бүгін олар «юко» ұпайын қайтару керек деген шешімге келді.

Айта кетейік, 2017 жылдан бері юко ұпайы ресми түрде алынып тасталған. Қазіргі таңда тек үш негізгі ұпай түрі қолданылып жүрген. Олар:

  • Ипон — жеңіс ұпайы, егер спортшы қарсыласын толықтай түсірсе немесе оны басымдықпен жеңсе.
  • Вазари — егер қарсылас толық емес құлап түссе, бірақ әлі де жеңіске жетуге жеткіліксіз болса. Екі вазари иппонға тең болады.
  • Шидо — егер спортшы ережені бұзса, бұл ұпай оған қарсы беріледі.

Айта кетейік, семинарда қабылданған жаңа ережелер 2025 жылдан бастап қолданысқа енгізе бастайды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам