Таха Ақгүл қызметіне кірісерден бұрын ерекше ырым жасады
Париж Олимпиадасынан кейін спорттық мансабын аяқтаған түрік балуаны Таха Ақгүл жаңа қызметке кірісер алдында қой сойып, құрбандық шалды.
Еркін күрестен Олимпиада чемпионы Таха Ақгүл жақында елдің күрес федерациясына басшылыққа келген болатын. Ол сайлауда грек-рим күресінен үш дүркін әлем чемпионы Сельчук Чебимен бәсекеге түсіп, дауыс берушілердің басым дауысына ие болды.
Жаңа қызметке кірісерден бұрын балуан ерекше ырым жасады.
«Біз федерацияға өз міндетімізді орындауға келдік. Бұл міндетті қызметіміздің соңғы күніне дейін жалғастырамыз. Құдай ісімізге береке беріп, абыройсыз болудан сақтасын», - деді Таха Ақгүл.
Париж Олимпиадасында қола жүлде үшін белдесуде қырғыз балуанын ұтқан Таха Ақгүл спорттық мансабын аяқтайтынын мәлімдеген еді.
Ол алғаш рет Рио Олимпиадасында чемпион атанды. Сондай-ақ, балуан Токио және Рио Олимпиадасында қола жүлде еншілеп, әлем чемпионатының финалына бірнеше рет шықты. Бұл сыннан ол 3 рет алтын, 2 рет күміс медаль иеленді. Сондай-ақ, Еуропаның 11 дүркін чемпионы атанған.