Ол Ұлытауда шахмат академиясын ашпақ
Қазақстандық шахматшы, халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік спорттық мансабын аяқтау туралы жанкүйерлерінің сауалына жауап берді. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды.
Жансая мансабын аяқтамағанын, тек уақытша үзіліс алғанын жеткізді.
«Мансабымды әлі аяқтаған жоқпын. Әзірге үзіліс алып отырмын. Бір-екі жылда нақты шешім қабылдаймын», – деп жауап берді Жансая Әбдімәлік.
Бұдан бөлек, отандық танымал шахматшы Ұлытау облысының орталығында шахмат академиясының жаңа филиалын ашуға дайындалып жатқанын жеткізді. Оның сөзінше, филиалдың ашылуы келер жылғы қаңтар айына жоспарланып отырған көрінеді.