Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Үздіктер марапатталды: Демеу Жадыраевқа – үй, ал бапкері тағы елеусіз қалды

26.12.2024, 18:12

Марапатталғандар арасында оның жеке бапкері Боранбек Қоңыратов жоқ

Үздіктер марапатталды: Демеу Жадыраевқа – үй, ал бапкері тағы елеусіз қалды
Видеодан кадр

Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы 2024 жылдың үздіктерін марапаттады.

«Жыл спортшысы» атағы сөзсіз, Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевқа бұйырды. Алайда, марапатталғандар арасында оның жеке бапкері Боранбек Қоңыратов жоқ. Қазақстанға 20 жыл күткен жүлдені сыйлаған спортшының жаттықтырушысының федерация басшылығының назарынан тыс қалуы шынымен де түсініксіз жағдай.

Айтпақшы, осыдан бірер күн бұрын Туризм және спорт министрлігі жылдың үздіктерін марапаттаған. Ол кезде тізімнен Демеу Жадыраевтың өзін де таппағанбыз. Ал енді федерация оның бапкерін елеусіз қалдырып отыр.

Сонымен, мына аталым бойынша үздіктер марапатталды:

«Жыл спортшысы» – Олимпиада жүлдегері Демеу Жадыраев;

«Үздік бапкер» – U-20 аға бапкері Қонысбек Түкенов,

«Жыл серпілісі» – Ризабек Айтмұхан (2024 жылы әлем біріншіліктерінде 2 алтын медаль иеленді);

«Үздік төреші» – халықаралық дәрежедегі төреші Ксения Дробина;

«Үздік аймақтық федерация» – Жамбыл облысының федерациясы, президенті Әлімбек Жұмабаев.

Сондай-ақ, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушылары – Юн Виктор «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін», Саржан Бектемірұлы Жақсыбеков «Еңбек ардагері», Гафаров Ильдар Имальевич «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

Айтпақшы, Демеу Жадыраев, Нұрғожа Қайпанов пен Ислам Евловевтерге пәтер кілті табысталды.

Ал, Федерация президентінің «Алғыс хаты» «Qazsport» телеарнасының тілшісі Телжан Күдеровке табысталды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам