Бұл оқиғаны қазақтардың көбі білмейді. Жаңа ЖБ Шоу!

«Желіде бұғаттайды»: Жәмила Бақбергенова сыңары Мәдинамен қарым-қатынасы туралы айтты

27.12.2024, 09:15

Жәмила Мәдинаның сәл ренжісе не істейтіні туралы айтты

«Желіде бұғаттайды»: Жәмила Бақбергенова сыңары Мәдинамен қарым-қатынасы туралы айтты
Фото әлеуметтік желіден

Әйелдер күресінен әлем біріншілігінің төрт дүркін жүлдегері Жәмила Бақбергенова сыңары Мәдинаның әрекеті туралы әзілдеп, жанкүйерлеріне қызық оқиғаны айтып берді.

Кезекті жазбасында Жәмила Мәдинаның сәл ренжісе не істейтіні туралы айтты.

«Сәл ұнамай немесе бірнәрсені дұрыс айтпай қалсам, тырысып қалады. Бір айда 10 рет ренжіп, әлеуметтік желіде бұғаттап тастайды да соңынан жазылымға өтінім жіберіп тұрады», - деп жазды Жәмила Бақбергенова.

Айта кететін жайт, егіздердің екеуі де әйелдер күресінен ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, 2022 жылы бірге Азия чемпионы атанған.

Биыл Жәмила Бақбергенова әлем біріншілігінде үшінші рет финалға шығып, күміс жүлдегер атанды. Ол 2021 жылдан бері әлем чемпионаттарынан жүлде алып келеді. 72 келіде өнер көрсететін балуанға бүгін еліміздің күрес түрлері федерациясы арнайы марапаттап, 3 млн теңге ақшалай сыйақы табыстады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды5
Ұнамайды0
Күлкілі2
Ашулану1
0 Пікір
Сіздің пікірікіз редакция тексеруінен өтеді
СоңғыТанымал
Әзірге жазылған пікір жоқ
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам