Жекпе-жек 22 ақпанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтеді
Белгілі кәсіпқой боксшы Дмитрий Бивол өзінің отандасы, жеңілмеген Артур Бетербиевпен екінші жекпе-жегіне дайын екенін мәлімдеді.
Алғашқы кездесуде Бетербиев Биволды төрешілер шешімі бойынша жеңіп, оның кәсіби мансабындағы алғашқы және әзірге жалғыз жеңілісі тіркелген еді.
Дмитрий Бивол екінші жекпе-жектің әлдеқайда ашық, тартысты өтетінін айтып отыр. Ол алғашқы кездесуден кейін үлкен тәжірибе жинағанын айтып, қарсыласының басты артықшылығы ретінде оның мықты соққысын атады.
Бивол мен Бетербиев арасындағы реванш келесі жылдың ең көп күтілетін бокс оқиғаларының бірі болғалы отыр. Ал жекпе-жек 22 ақпанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтеді. Қазіргі таңда Бетербиев жартылай ауыр салмақта абсолютті чемпион атағына ие болса, Бивол барлық титулдарынан айырылған.