Мақсат Ережепов енді Қостанайда күрес федерациясын басқарады
Күрес федерациясының президенті Дәулет Тұрлыхановтың шешімімен Қостанай облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті болып Мақсат Ережепов тағайындалды.
Мақсат Аршабайұлы — грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азияның бірнеше дүркін чемпионы, әлем чемпионатының жүлдегері және Қазақстанның бес дүркін чемпионы.
«Бұл тағайындау Қостанай облысындағы күрес спортының жаңа белестерді бағындыруына ықпал етпек. Мақсат Аршабайұлының кәсіби тәжірибесі мен көшбасшылық қасиеті өңірдегі спорт саласының қарқынды дамуына негіз болады деп сенеміз. Сондай-ақ, федерацияның атқарушы директоры лауазымына Талғат Жиентаев бекітілді. Бұл тағайындаулар федерация жұмысының жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді», – делінген Күрес федерациясы таратқан ақпаратта.