Ол 23 жастағы моңғол балуанынан жеңілді
Моңғолия тәуелсіздігіне 113 жыл толуына байланысты елде ұлттық күрестен «Президент кубогі» ұйымдастырылды. Аталған сайыста этникалық қазақ Серік Бердімұрат екінші орын алып, ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Тартысты бәсекеге мемлекет барлығы 128 балуан қатысты. Серік Бердімұрат финалға дейін сүрінбей жетіп, ақтық сында 23 жастағы Энхтүвшин Батмагнайға есе жіберді.
«Осы жолғы бәсеке тартысты өтті. Жеңіске бір қадам қалған кезде сүріндім. Бұл маған жақсы сабақ болды. Келесі жарысқа дейін қортынды жасап, бұдан да жақсы күресуге барынша тырысамын», - деді балуан.
Серік Бердімұрат – Бахыт Однайдан кейін араға 35 жыл салып қазақ балуандарының арасында мемлекеттік деңгейде атақ алған екінші балуан.
Сонымен қатар Серік Бердімұрат сумо, самбо, моңғол күресі және дзюдомен де айналысады.