Ол кезде екеуі де жастар арасында сынға түскен
Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтың грек-рим күресінен әлемнің бес дүркін жүлдегері Алмат Кебіспаевпен осыдан 18 жыл бұрын белдескен бейнежазбасы жарияланды.
Аталған кездесуде Қуат Хамитов – 18, Алмат Кебіспаев 19 жаста болған. Елімізде өткен кезекті турнирлердің бірінде қос спортшының жолы түйісіп, өзара мықтыны анықтайды.
Аталған «тарихи» белдесу 2006 жылы өткен көрінеді. Мұны Қуат Хамитов растады. Қос спортшы сол уақытта жобамен 55-60 келіде сынға түскен.
Кейін Қуат Хамитов аралас жекпе-жекке ауысып, оның класикалық күрестегі жолы тәмам болды. Ал, Алмат Кебіспаев Азия біріншілігінде бірнеше рет топ жарып, әлем чемпионаттарында табысты өнер көрсетті. Лондон Олимпиадасында 5-ші орынға тұрақтаса, Риода өткен ойындарда 7-ші орынға табан тіреді.