Ол 2024 жылы армандарының орындалғанын айтты
Атақты жапон дзюдошысы 27 жастағы Хифуми Абэ өз жанкүйерлерін жаңа жылмен құттықтап, алға қойған жоспарларымен бөлісті. Екі дүркін Олимпиада чемпионы Токио мен Парижде топ жарған болатын.
«Осы жылы екінші рет Олимпиаданың алтын жүлдесін алсам деген арманым орындалған жыл болды. Бұл жетістікке жетуім тек жеке менің ғана еңбегім емес, барлық жанкүйерімнің ыстық қолдауы мен қошеметінің арқасында қол жеткіздім деп ойлаймын.
Маған қолдау көрсеткен әр жанды бағалаймын, құрметтеймін. Бірақ мен мұнымен тоқтап қалмаймын. Төрт жылдан кейін үшінші рет Олимпиада чемпионы атану – басты мақсатым. Сондықтан алар асуым әлі алда», - деді дзюдошы.
Айта кетейік, Хифуми Абэ (-66 кг) Олимпиададан бөлек Гранд-Слэм турнирлерінде он екі рет алтын медаль жеңіп алған. Сондай-ақ, Әлем чемпионатында төрт рет жеңіске жеткен.