Әзірге француз спортшылары шағымданған
Францияның екі спортшысы Париж Олимпиадасында қол жеткізген медалінің адам танымастай өзгергенін айтып шағымданды. Өз жерінде өткен төртжылдықтың басты ойындарында жүлде алған жүзу және жеңіл атлетика спортының өкілдері медальдің өңі қашқанын атап, қарайып кеткенін жеткізді.
Жүзу спортының өкілі Клеман Секки 4 ай өткенде жүлдесінің бояуы ұшып, қолтырауын терісінің түсіндей болғанын атады. Ал 400 метрге эстафета бойынша жүгіруден қола жүлдегер атанған Йоанн Ндойе-Бруар да әлеуметтік желіде медальдің суретін жариялап, тым ескіріп кеткенін алға тартты. Бұл туралы L'Équipe спорт басылымы жазды.
Қазіргі уақытта спортшыларға Олимпиаданы ұйымдастырушылар жаңасын ауыстырып беруге уәле берді.
Еске салайық, Париж Олимпиадасында Қазақстан спортшылары жеті жүлдеге қол жеткізген еді. Олардың арасында Елдос Сметов чемпион атанса, Демеу Жадыраев, Нариман Құрбанов, Нұрбек Оралбай күміс медаль иеленді. Ал Назым Қызайбай, Александра Ле мен Ислам Сәтбаев, Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдеге ие болды.