![Каратэден әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай әлемдік ретингте екінші орынға тұрақтады](https://1bol.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/01/01/6774d3073909f658771668.jpeg)
Бірінші орында венесуэлалық Йоргелис Салазар тұр
Әлемдік каратэ федерациясы әйелдер арасында -50 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ТОП-5 спортшының тізімін жариялады.
Олардың қатарында 2021 жылғы Азия чемпионатында алтын медаль және Ханджоуда өткен Азия ойындарының күміс жүлде иеленген, әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай бар. Ол рейтингте екінші орынға тұрақтады.
-50 келіге дейінгі салмақтағы үздіктер:
Бұған дейін бес қазақтандық каратэші әлемдік рейтингте ТОП-5 спортшының тізіміне енген болатын. Олардың қатарында -60 келіге дейінгі салмақта ерлер арасынан Азия ойындарының чемпионы Қайнар Алпысбай үздік бестікті түйіндеп тұр.