Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Элизабет Тұрсынбаева ресейлік Самоделкинаның Қазақстанға ауысуына қатысты пікір білдірді

05.01.2025, 11:48

Тұрсынбаева Самоделкинаның мүмкіндігі өте жоғары екенін атап өтті

Элизабет Тұрсынбаева ресейлік Самоделкинаның Қазақстанға ауысуына қатысты пікір білдірді
Видеодан кадр

Белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева «SPORT+ Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында Софья Самоделкинаның Қазақстан құрамасына ауысуына байланысты қандай пікірде екенін айтып берді. 

Бағдарлама жүргізушісі сұхбат барысында Софья Самоделкинаның ауысуы туралы көп әңгіме айтылғанын еске салып, Тұрсынбаеваның кәсіби пікірін білгісі келетінін атап өтті.

«Сен оның өнерін көрдің бе, жалпы оның деңгейін қалай бағалайсың? – деп сұрақ қойды жүргізуші.

Элизабет қазіргі таңда ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар халықаралық жарыстарға қатыспағандықтан, әйелдер арасындағы жекелей сында Самоделкинаның мүмкіндігі өте жоғары екенін атап өтті.

«Қазір басқа елдердің спортшылары үшін, әсіресе Софья секілді төрт айналымдық секірулерді орындай алатын қыздар үшін үлкен мүмкіндік ашылды», – деді Элизабет Тұрсынбаева.

Айта кетейік, 17 жастағы Самоделкина төрттік секіру мен қатарынан үш аксель жасай алатын аз спортшының бірі. Ол 2024 жылдан бастап әлемдік турнирлерде Қазақстан намысын қорғайтын болады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам