Жаңажылдық шығарылым! Ерсін Ерік, Ермұхамед Мәулен, Олжас Байбосын, Уәлихан Қосанбай, Эльдар Аманбаев

Спорт минстрінің бұрынғы орынбасары 1 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталуда

05.01.2025, 11:58

Антикор күдіктінің атын атамады

Спорт минстрінің бұрынғы орынбасары 1 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталуда
Көрнекі фотосурет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мәдениет және спорт вице-министрі болған ірі шенеуніктің 1 млрд теңгеден астам қаражат жымқырғанын мәлімдеді. Бірақ, күдіктінің аты-жөнін айтудан бас тартты. 

Қазіргі таңда экс-шенеуніктің үстінен жүргізілген тергеу жұмыстары аяқталған. Жуырда іс сотта қаралады.

«Агенттік Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі және мердігер ұйым басшылығына қатысты ауыр қылмыс жасағаны бойынша тергеуді аяқтады. Олар қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және 1 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталуда. Өткен жылдың 13 желтоқсанында Бас Прокуратура күдіктілерді сотқа берді», - делінген Агенттік таратқан хаьарламада.

Еске салайық, былтыр 1 наурызда Мәдениет және спорт экс-вице-министрі Ерлан Қожағапанов ұсталған болатын. Ол осы қызметті атқарған 2018 жылы Қазақстан – Ресей аймақаралық форумын өткізу үшін мердігер компаниямен келісімшартты негізсіз жасап, ірі көлемдегі қаражатты бөлдірген деп айыпталған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам