Жаңажылдық шығарылым! Ерсін Ерік, Ермұхамед Мәулен, Олжас Байбосын, Уәлихан Қосанбай, Эльдар Аманбаев

Қытайлық баскетболшы сүйіктісін қонақүйге чемоданға тығып алып кірген

Бүгін, 13:15

Спортшының қызы оқиғаның қалай болғанын әшкере етті

Қытайлық баскетболшы сүйіктісін қонақүйге чемоданға тығып алып кірген
Weibo

«Гуанчжоу Лонг-Лайонс» командасының қорғаушысы Чжан Синлян студент қызды қонақүйге чемоданның ішінде жасырып алып кіргені үшін жазаланды.

Чжан Қытай чемпионатының «Циндаоға» қарсы ойынының алдында қонақүйге қызды алып кірген. Қытай клубының жарғысына сәйкес, ойыншыларға матч алдында қонақүйге достары мен құрбыларын ертіп келуге тыйым салынады. Алайда 20 жастағы Чжан мен оның сүйіктісі бұл ережені бұзып, үлкен чемоданды пайдаланған.

Оқиға қыздың қытайлық Weibo әлеуметтік желісіне жазған жазбасынан кейін белгілі болды. Студент қыз чемоданның ішінде отырған суретін жариялап, Чжанның өзін ойын алдында қонақүйге алып кіргенін және түні бойы ұйықтамай, сабақтарына көмектескенін жазған.

Чжанның сүйіктісі өнер факультетінде оқиды және оның бірнеше емтиханнан өте алмай, университетте қиындықтарға тап болғаны белілі болды.

Чжан «Лонг-Лайонс» сапында екінші маусымын өткізіп жатыр. Ол 26 матчта орташа есеппен 6,4 ұпай, 1,8 рет доп қағып алу, 2,1 нәтижелі пас және 0,8 рет допты тартып алу көрсеткішіне ие. «Циндаоға» қарсы ойында жас баскетболшы 25 минут ойнап, 5 ұпай мен 2 рет доп қағып алу көрсеткішін тіркеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам