Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Моңғолиядағы қазақ ауыратлеті ел чемпионатында қола жүлдеге ие болды

14.01.2025, 01:50

Ол қаржы тапшылығынан халықаралық жарыстарға қатыса алмай жүр

Моңғолиядағы қазақ ауыратлеті ел чемпионатында қола жүлдеге ие болды
Фото ашық дереккөзден

Моңғолияда ауыр атлетикадан ел біріншілігі аяқталды. Чемпионаттың соңғы күнінде +102 келіде бақ сынаған Бақберген Мұратбекұлы қола жүлдегер атанды. 

Бақберген осымен ел біріншілігінде бесінші рет жүлдегер атанып отыр. Бұған дейін 3 рет – күміс, 1 рет қола жүлдеге ие болған. Биылғы чемпионатқа ол жарақатпен қатысқанын айтып отыр.

«3 ай бұрын аяғымды сындырып алдым. Чемпионатқа 7 апта қалғанда жаттығуға кірістім. Аяғым толық жазылмағанына қарамастан қатысып қола медаль алдым. Бірақ, бұл мен күткен нәтиже емес. Өзім бұрын көтеріп жүрген салмақтан 20-30 келі аз көтердім. Нәтижеме қанағаттанбаймын. Енді толық қалпыма келіп, алдағы халықаралық жарыстарға дайындалатын боламын», - деді ол. 

Айта кетейік, Бақберген Мұратбекұлы Моңғолия қазақтары арасында ауыр атлетикадан әлем чемпионатына барған алғашқы қазақ. Атап айтқанда, 2023 жылы ол Сауд Арабиясында өткен әлем чемпионатына қатысқан.

Бақберген 1996 жылы Баян-Өлгей аймағында дүние келген. Ауыр атлетикаға мектеп оқып жүргенде қызығушылық танытып, тұрақты түрде шұғылдана бастаған. Дегенмен, оқуына көбірек көңіл бөліп, біраз уақыт спорттан қол үзіп қалады да, соңғы екі жылдан бері зілтемір залына қайта оралды. Содан бері ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп жүр. Қаржылық қиындықтарға байланысты халықаралық жарыстарға көп қатыса алмаған.

«Алғаш 2023 жылы Сауд Арабиясында өткен әлем чемпионатына барған шығынымның жартысын кәсіпкер ағалар көтерсе, жартысын банктен несие алып бардым. Моңғолия ауыр атлетика федерациясы қаржылай көмек көрсетпеді. Азия ойындарына барайын дегем. Алайда, қаржы болмай бара алмадым. Бұдан кейін де шетелде өтетін жарыстарға шығу мен үшін қиындау. Өйткені ауыр атлетика – Моңғолияда кенжелеп қалған спорт. Мемлекет тарапынан қолдау жоқ. Федерация спортшыларға көңіл бөлмейді. Спортшылар өздігімен дайындалып, жарыстарға қаражатты өздері тауып барады. Спорттық мансабына байланысты әзірге ешнәрсе айта алмаймын. Барлығы өз уақытымен», - деп пікір білдірді қазақ ауыратлеті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам