Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Қайсар» клубы енді легионерсіз ойнайды

20.01.2025, 17:49

Енді қызылордалық ұжымда 100 пайыз қазақстандық футболшылар өнер көрсетеді

«Қайсар» клубы енді легионерсіз ойнайды
Видеодан кадр

Бүгін жаңа басшы келген «Қайсар» клубы жаңа маусымда легионерсіз ойнайды. Бұл туралы Қызылорда облысы спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаев мәлімдеді.

Ал клубтың баспасөз қызметі ақпаратты растаған. Қызылорда командасына басшы болып Талғат Әбдіғаппарұлын келгенін айта кетейік.
Бұдан былай қызылордалық ұжымда 100 пайыз қазақстандық футболшылар өнер көрсетеді.

Бұған дейін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев та клубқа легионерлер сатып алу үшін ақша бөлінбейтінін, жергілікті ойыншыларды тәрбиелеуге басымдық беретінін алға тартқан.

Естеріңізде болса, былтырғы маусымда клуб ел біріншілігінде 8-орын алған еді. Сонымен қатар биылдан бастап шетелдік спортшылар бюджет қаражатынан қаржыландырылмайды. Енді шетелден легионер сатып алғысы келетін ұжым оған демеушілер табуы керек.

 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам