Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қабирхан 300 млн теңге ұтып алуы мүмкін

22.01.2025, 17:21

Сәйгүлік былтыр Дубайда жеңімпаз атанып, иесі 15,5 миллион теңге жеңіп алды

Қабирхан 300 млн теңге ұтып алуы мүмкін
instagram.com/racingdubai

Қазақстандық Тілек Мұқанбетқалиевке тиесілі танымал сәйгүлік Қабирхан Дубайдағы беделді жарыста чемпиондық атағын қорғамақ.

Сәйгүліктің аренаға оралуы туралы ақпаратты Dubai Racing Club-тің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Қабирхан жұма күні G1 Al Maktoum Challenge атағын қорғайды», – делінген мәліметте.

Естеріңізде болса, сәйгүлік былтыр Дубайда 2 мың метрге жарыстан жеңімпаз атанып, оның иесі 15,5 миллион теңгеге иелік етті. Осыдан соң Қабирханның жетістігі жайлы жапа-тармағай жазыла бастады.

Биылғы маусымда Қабирхан 1900 метр қашықтықта сынға түседі. Бұл сынның сыйақы қоры – 3 миллион 680 мың дирхам (522 миллион теңге). Турнир ережесіне сәйкес, мәре сызығын бірінші болып кескен сәйгүлікке 2 миллион 208 мың дирхам (313 миллион теңге) берілсе, екінші орынға – 736 мың дирхам (104 миллион теңге), үшінші орынға 368 мың дирхам (52 миллион теңге) тағайындалған.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам