Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Әзірбайжан дзюдодан бапкерлер құрамын күшейтті

24.01.2025, 16:37

Оларға Польша, Жапония және Франция жаттықтырушылары көмектесетін болды

Әзірбайжан дзюдодан бапкерлер құрамын күшейтті
Euronews

Париж Олимпиадасында екі алтын медаль иеленген Әзірбайжан құрамасы бапкерлер құрамын күшейтті.

Бұдан былай Әзірбайжан ұлттық құрамаларына Польша, Жапония және Франция жаттықтырушылары көмектесетіні мәлім болды.

Әзірбайжанның дзюдо федерациясы (ФДА) ұлттық құрамалардың жаттықтырушылар құрамын нығайтты. Бұл туралы azerisport.com хабарлады. ФДА-ның атқарушы вице-президенті Рашад Расуллу бұл қадам «милли» құрамасының дамуына маңызды әсер ететінін атап өтті.

Ерлер құрамасының бас бапкері Рихард Траутман енді Әзірбайжан ұлттық құрамаласының жұмысын үйлестіретін перформанс-директор қызметіне тағайындалды. Ерлер құрамасында оған Бейжің Олимпиадасының чемпионы Эльхан Мамедов және бұған дейін Польша, Австрия және Бельгия құрамаларында жұмыс істеген белгілі маман Роберт Кравчик көмектеспек.

Сондай-ақ, жастар құрамасына Рустам Алимли тағайындалса, ал жасөспірімдер құрамасына Эмин Искендеров жетекшілік ететіні мәлім болды. Бұл бағытта оған Польшада жұмыс істеген жапондық бапкер Котаро Сасаки көмекші ретінде бекітіліп отыр.

Елдің әйелдер құрамасының бас бапкері қызметіне Рашад Мамедовтың орнына Амина Абдуллатиф бекітілді. Абдуллатиф бұған дейін Франция құрамасында жұмыс істеген маман. Сондай-ақ, оған неміс маманы Саша Херкенрат-Вимар ассистент болмақ.

Естеріңізде болса, Парижде өткен Олимпиада ойындарында Әзірбайжан құрамасынан 73 келіде Хидаят Гейдаров пен -100 келіде Зелим Коцоев чемпион атанған болатын. Қос спортшы 2024 жылы өткен әлем чемпионатында да топ жарды.

Сондай-ақ, Париждегі ойындардан соң Қазақстан құрамасына шетелдік мамандар қосылған болатын.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам