Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Бес жігіт зорлаған»: фитнес-жаттықтырушының өліміне қатысты тың дерек айтылды

24.01.2025, 16:49

Туыстары жазықтыларға лайықты жаза тағайындалуын талап етіп отыр

«Бес жігіт зорлаған»: фитнес-жаттықтырушының өліміне қатысты тың дерек айтылды
Фото ашық дереккөзден

Ақтауда зорлық-зомбылықтан соң өзіне қол жұмсады деген фитнес-жаттықтырушы Алина Серікова ісіне қатысты тағы бір жайт белгілі болды.

Lada.kz сайты марқұм зорланған болуы мүмкін бөлменің фотокадрларын жариялады. Алина қайтыс болғанға дейін құрбысы Әсел Шотқараға оқиғаның мән-жайын егжей-текжейлі айтып берген. Ол өзін қандай бөлмеде ұстағанын да түгел баяндап, мұны туған-туыстарына жеткізуін сұраған екен. 

Қайтыс болған спортшының ағасы Бауыржан Жолжан редакцияға қылмыс орнынан суреттерді жолдаған. Дегенмен, марқұмның бауыры сот отырысында Әсел Шотқараның оқиға орнын сипаттау қаншалықты дәл болғанына назар аударылмағын алға тартты. Туыстары Алинаның өзіне қол жұмсауына оны ұрлап, қорқытып және зорлық-зомбылық жасалғаны себеп болғанына сенімді. Алайда, сотта «суицидке дейін жеткізу» бабы дәлелденбеген болып танылды. 

«Алина екеуміз ас үйде сөйлескен кезде, ол зұлымдық болған бөлме туралы айта бастады. Алина кірген бойда ашық түсті кілем, кеңестік стильдегі екі қабатты темір кереуетті, шеттеріне таспамен жабылған жеңіл перделерді көргенін айтты. Іште мұнайшылардың арнайы формасына ұқсас қызыл түсті киім ілулі тұрған. Жайылған және бүктелген көрпешелер, шкафтар болған. Есіктің көзегінен «БекТранс» деген белгі көрінген. Ас үйдегі әңгіме барысында ол: «егер ертең өзім айта алмасам, олар сенен сұрайды, сен осының бәрін айтып берші» деген», - деп еске салды Әсел Шотқара.

Алина сол күйі өзіне келе алмаған. Оның туыстары ұсталған бес күдіктінің де кінәлі екендігіне сенімді. Қызынан айрылған отбасы олардың барлығының жазалануын талап етіп отыр. 

Қазіргі уақытта бұл іс сотта апелляциялық шағымда. 21 қаңтарға тағайындалған тыңдау сотталушылардың бірінің адвокатының келмеуіне байланысты кейінге қалдырылды.

Естеріңізде болса, былтыр мамыр айында Ақтауда бес жігіт фитнес жаттықтырушысы болып жұмыс істейтін спортшы қызды ұрлап кетіп, бірнеше сағат бойы күштеп ұстағаны БАҚ беттерінде жарияланды. Оқиғадан соң жәбір көрген бойжеткен 9-қабаттан секіріп көз жұмды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам