Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстандық дзюдошылар Бакудегі Гран Слэм турниріне қатысатын болды

24.01.2025, 22:02

2025 жылы отандық дзюдошылар алғаш рет жарыста бақ сынағалы отыр

Қазақстандық дзюдошылар Бакудегі Гран Слэм турниріне қатысатын болды
Қазақстан дзюдо федерациясы

14-16 ақпан күндері Әзербайжан астанасы Бакуде дзюдодан Гран Слэм турнирі өтеді. Бұл бәсекеге Қазақстанның дзюдошылары да қатысады.

Баку Гран Слэм турнирі қазақстандық дзюдошылардың биылғы алғашқы жарысы болмақ. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ресми сайтына әзірге қазақстандық 3 дзюдошы қатысуға өтінім берген. Олар: Берікұлы Әділбек (66 келі), Ислам Тоқтасын (73 келі), Ратаев Қуаныш (90 келі). Аталған дзюдошылар – еліміздің 4-5 бесінші нөмерлі балуандары. 

Баку қаласында дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысы 2013 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Аталған турнир тек 2018 және 2020 жылдары ғана өтпеді. Ал, Қазақстан құрамасы аталған турнирге тек 2019 жылы қатыспады.

Жалпы, қазақстандық дзюдошылар Баку татамиінде 3 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль алған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам