![Дәулет Тұрлыханов басқаратын Азия күрес федерациясы еліміздің күрес ұйымын үздік деп таныды](https://1bol.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2023/12/27/658bb7b4f4147833437560.jpeg)
Биыл Азия чемпионаты біздің елде өтті
Еліміздің грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы Азиядағы үздік федерация атанды. Азия күрес федерациясы (UWW Azia) онлайн дауыс беру арқылы отандық спорт ұйымын таңдап алған.
UWW-Asia атқару комитетінің мүшелері екі кезең бойынша өткен дауыс берудің нәтижесінде еліміздің Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясын осы мәртебелі атаққа лайық деп шешкен.
Онлайн дауыс беруде UWW-Asia атқару комитетінің мүшелері 9-14 сәуірде Астанада Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының ұйымдастыруымен өткен ересектер арасындағы Азия чемпионатын бас бармақпен бағалады.
Айта кететін бір жайт, Азия күрес федерациясын Дәулет Тұрлыханов басқарады. Сондай-ақ, ол грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті.