Черчесовтың түбіне «қазақ тілі» жетті ме? Жаңа бапкерге – жаңа талап. Қазақты мазақ қылғандар туралы

Қазақстандық каратэшілер Парижде өткен әлемдік додадан бес медальмен оралды

27.01.2025, 09:25

Әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай қола жүлдені місе тұтты

Қазақстандық каратэшілер Парижде өткен әлемдік додадан бес медальмен оралды
olympic.kz

Франция астанасы Парижде өткен халықаралық рейтингтік «Каратэ1 Премьер Лигасында» қазақстандық бес каратэші жүлделі орындарға ие болды.

68 келі салмақта сынға түскен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева алтын үшін тартыста екі дүркін әлем чемпионы, испаниялық Мария Торрес Гарсияға 5:4 есебімен есе жіберіп, күміс медаль алды.

Азия ойындарының чемпионы Әсел Қанай болса әлем чемпионы жапондық Сарара Шимададан 9:4 есебімен жеңіліп, күміс жүлдені місе тұтты.

Сонымен қатар, әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай жартылай финалда ирандық спортшыдан жеңілді. Үшінші орын үшін бәсекеде жапондық қарсыласын 2:1 есебімен жеңіп, қола медаль иеленді.

«Спортта жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Алтын алуға мүмкіндік болды. Себебі бабымда болдым. Бірақ бұйырғаны осы қола жүлде», - деді Мөлдір 1bol.kz тілшісіне.

Сондай-ақ 84 келіде бақ сынаған Диас Анарбек америкалық Эдуард Сагильянды жеңіп, қола медальды қанжығалады. Ал 60 келіде Қайсар Алпысбай жапониялық қарсыласынан бір бас жоғары болып, ол да үшінші орыннан көрінді.

Айта кетейік, бұл жарысқа әлемнің 70 елінен 382 спортшы сынға түсті. Ұлттық құрама сапынан жалпы 9 спортшы ел намысын қорғады. Турнир нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам