Черчесовтың түбіне «қазақ тілі» жетті ме? Жаңа бапкерге – жаңа талап. Қазақты мазақ қылғандар туралы

Туниске Олимпиада алтынын сыйлаған қазақ бапкері Есбол Сұлтанов тағы бір сыйлыққа ие болды

02.02.2025, 00:51

Жуырда ғана оған «жылдың үздік бапкері» атағы берілген болатын

Туниске Олимпиада алтынын сыйлаған қазақ бапкері Есбол Сұлтанов тағы бір сыйлыққа ие болды
olympics.com

Астанада Қазақстанның таеквондо федерациясы жылдың үздік бапкерлері мен спортшыларына «Мұстафа Өзтүрік» атындағы сыйлық табыстады.

Аталған сыйлық жыл сайын осы спорттың үздіктеріне табысталып келеді. Биыл да сол дәстүр бойынша сыйлықтар өз иелерін тапты. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Аталған жүлдеге жақында ғана ұлттық құрамаға оралған бапкер Ербол Сұлтанов та лайықты деп танылды. Есте болса, ол бірнеше жыл Тунисте жұмыс істеп, Париж Олимпиадасында шәкірті чемпион атанды.

Айта кету керек, жуырда ғана Сұлтановқа «жылдың ең үздік бапкері» атағы да берілген болатын. Ол енді қызметін ұлттық құрамада бас бапкер ретінде жалғастыратын болады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам