Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

PWL 8: Азамат Дәулетбеков Алматыда Олимпиаданың күміс жүлдегерімен белдеседі

03.02.2025, 21:07

Қос балуанның да Парижде жолы болмаған еді

PWL 8: Азамат Дәулетбеков Алматыда Олимпиаданың күміс жүлдегерімен белдеседі
olympic.kz

Алматыда өтетін кәсіпқой күрес лигасы (PWL 8) турниріне қатысатын шетелдік кейбір балуандар белгісіз себеппен бас тартуда. 

Мәселен, Еркін күрестен әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, 4 дүркін Азия чемпионы Азамат Дәулетбековтың қарсыласы өзгерді. Бұған дейін ол 92 келіде екі дүркін әлем чемпионы ирандық Камран Гасемпурмен белдеседі деп хабарланған. Алайда, Камран Алматыға келмейтін болды. Мұның нақты себебі айтылмады.

Енді Азаматқа Беларусь намысын қорғайтын дағыстандық Магомедхабиб Кадимагомедов қарсылас атанбақ. Ол 74 келіде Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған еді. 79 келіде Еуропа чемпионы және Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері.

Кадимагомедов Париж Олимпиадасында 74 келіде бақ сынап, үш белдесу өткізген. Алдымен өзбекстандық Разамбек Жамаловтан жеңілді. Жамалов финалға шыққандықтан, алғашқы жұбаныш белдесуде Таймураз Салказановтан басым түссе, одан кейін Черман Валиевтен ойсырай жеңіліп, Олимпиададан жүлдесіз қайтты. Магомедхабиб жақында 86 келіде Беларусь чемпионы атанған. 

Азамат пен Магомедхабиб Алматыдағы турнирде 86 келіде күреседі.

Айта кетейік, Азамат бұл турнирге екінші рет қатыспақ. 2023 жылы ол ресейлік Арслан Багаевты жеңген болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам