Чемпиондар лигасы: «Фейноорд» сенсация жасайды. «Аталантаға» қиын. «Бавариядан» көп гол күтпейміз

Азия ойындары: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

09.02.2025, 10:43

Командалық есепте Қазақстан төртінші орында келеді

Азия ойындары: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті
olympic.kz

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында Қазақстан спортшылары алғашқы алтын медальді жеңіп алды. Жарыстың үшінші күнінде ерлер шорт-трек командасы алдына жан салмай, Азиада чемпионы атанып отыр. 5000 метрге конькимен жүгірген қазақстандық команда құрамында Глен Иванченко, Айбек Нәсен, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Әділ Ғалиахмедов және Абзал Әжғалиев бар.

Екінші орынды – Жапония, үшінші орынды Қытай конькишілері иеленді.

Бұдан бөлек, бүгінгі жарыс күнінде қоржынға тағы бір күміс және бір қола медаль түсті.

Фристайл-акробатикадан өнер көрсеткен Аяна Жолдас 76,54 ұпай жинап, жарысты үшінші орынмен аяқтады.

Ал, шорт-тректен Қазақстанның қыздар құрамасына чемпион атануға аз ғана жетпей қалды. Яна Хан, Ольга Тихонова, Малика Ермек, Зейнеп Құмарқан, Алина Әжғалиева және Мадина Жанбусиновадан тұратын команда 3000 метрлік қашықтыққа конькимен жүгіруден Азиаданың күміс жүлдегері атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында бір алтын, төрт күміс және бір қола медаль бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам