![Алина Кабаева мен Әлия Юсупованы жаттықтырған әйгілі бапкер қызметінен кетті](https://1bol.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/02/12/67ac7de1799ea773545580.jpg)
Ол – миллиардер, Ресейдегі ең ықпалды адамдардың бірі болған Әлішер Усмановтың бұрынғы әйелі
Көркем гимнастикадан әлемге белгілі бапкер Ирина Винер қызметінен кетті. Ол осы қызметті 24 жыл бойы атқарып келген.
Жуырда ғана ресейлік журналистердің біріне сұхбат берген әйгілі бапкер миллиардер Әлішер Усмановпен ажырасқанын, қазақ гимнастшысы Әлия Юсупованы басқа бапкерге қалай қуғаны туралы айтып берген болатын.
«Көркем гимнастика – менің өмірім, мен осы тамаша спорттың дамуына өз үлесімді қоса алғаныма қуаныштымын. Алайда, көркем гимнастикадан Ресей құрамасының бас бапкері қызметінен кетемін деп шештім. Бүгін менің алдымда жаңа, маңызды міндет тұр. Яғни енді тек чемпиондарды дайындап қана қоймай, жинақталған тәжірибені болашақ жұлдыздарды дайындайтын жаттықтырушыларға үйрету. Оның үстіне, көптеген шәкіртімнің өздері де көрнекті тәлімгер болды. Бұл гимнастикамыздың дәстүрін сақтауға және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - дейді Ирина Винер.
Ирина Виннер 2001 жылдан бері Ресейдің көркем гимнастика құрамасын баптады. Бас бапкер болған ол 2008-2024 жылдары федерацияға басшылық етті. Виннердің шәкірттері 2000, 2004, 2008, 2012, 2016 жылдары Олимпиадада топ жарса, 1996, 2020 жылы өткен Олимпиада ойындарында күміс алды.
Винердің шәкірттерінің арасында қазақстандық Әлия Юсупова мен Анна Алябьева да бар. Ресейлік бапкердің жасы қазір 76-да.