Чемпиондар лигасы: «Фейноорд» сенсация жасайды. «Аталантаға» қиын. «Бавариядан» көп гол күтпейміз

Иман Хелиф IBA-ны сотқа бермекші

Бүгін, 09:40

IBA болса бұл сотта боксшының шынайы кім екенін анықтап, әлемге паш етеміз деді 

Иман Хелиф IBA-ны сотқа бермекші
Getty Images

Жынысына қатысты дау туындаған алжирлік боксшы Иман Хелиф Халықаралық бокс қауымдастығын (IBA) сотқа бермекші. IBA оның қыз емес ер адам екенін, Олимпиадада әділетсіз чемпион болғанын мәлімдеген болатын.

Иман Хелиф 2023 жылғы әлем чемпионатында гендерлік тест тапсырғанда оның ағзасынан ер адамға ғана тиесілі XY-хромомсомалары анықталған. Дәл осындай жағдай тайваньдық Линь Юйтинмен де болды. IBA екеуін де әлем чемпионатына қатыстырмай қойғанымен, бір жылдан кейін екеуі Олимпиадаға жіберіліп, екеуі де чемпион атанып келді.

Қазір IBA ХОК-тың үстінен Швейцария бас прокуратурасына шағымданды. Иман Хелиф болса «жеке өміріме қол сұқты» деп IBA-ны сотқа беруд.

«Менің енді Халықаралық бокс қауымдастығына ешқандай қатысым жоқ. Есесіне бұл ұйымды Халықаралық Олимпиада комитеті де мойындамайды. Бірақ олар тағы да жалған және агрессивті айыптаулар жасап, өз мүдделерін ілгерілетуге тырысып жатыр. Бұл тек менің ғана емес, жалпы спорттағы адалдық мәселесі. Менің командам жағдайды мұқият зерттеп, заңды құқықтарымды қорғау және әділ бәсекенің сақталуы үшін барлық қажетті қадамдарды жасап келеді. Жауапты тұлғалар өз әрекеті үшін жауап беруі тиіс. Біз әділдік үшін барлық мүмкін заңды құралдарды қолданамыз», – деп жазды Хелиф әлеуметтік желідегі парақшасына.

Ресейлік Умар Кремлев басқаратын IBA ұйымы болса Иман Хелифтің бұл әрекетіне тек қуанатынын жеткізді. Өйткені, сотта боксшыны гендерлік тесттен өткізуді талап етіп, оның шынайы кім екенін бүкіл әлемге көрсетеміз деп отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам