Чемпиондар лигасы: «Фейноорд» сенсация жасайды. «Аталантаға» қиын. «Бавариядан» көп гол күтпейміз

Ресейден көшіп келген Софья Самоделкина Азия ойындарында жүлдесіз қалды

Бүгін, 15:24

Бұл жарысқа қатысқан өзге қазақстандық та ұтылып қалды

Ресейден көшіп келген Софья Самоделкина Азия ойындарында жүлдесіз қалды
Getty Images

Ресейге салынған санкцияларға байланысты азаматтығын ауыстырған мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Азия ойындарында сәтсіз өнер көрсетті.

Ол Қазақстан атынан қатысқан жарыста жүлдеден қалыс қалып, төртінші орынға табан тіреді. Ал, тағы бір қазақстандық София Фарафонова Азия ойындарын 10-орынмен аяқталды.

Алтын медаль кореялық Ким Чеёнге бұйырды. Ол қысқа бағдарламадан кейін көш бастаған жапониялық Каори Сакамотоны озып кеткен. Үштікте тағы бір жапон спортшысы Хана Йошида бар.

1) Ким Чеён (Корея) – 147,56
2) Каори Сакамото (Жапония) – 136,87
3) Хана Йошида (Жапония) – 136,44
4) София Самоделкина (Қазақстан) – 125,12…
10) София Фарафонова (Қазақстан) – 79,64.

Айта кетейік, Самоделкина былтыр мамыр айында Қазақстан азаматтығын алған болатын. Оның бұл әрекетіне қатысты Ресейдің спорт қауымдастығы көп сын айтқанымен, қолдаушылар да табылып жатты.

17 жастағы Самоделкина төрттік секіру мен қатарынан үш аксель жасай алатын аз спортшының бірі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам