Алайда, тәжік дзюдошылары әлем чемпионаттарында топ жара алмай келеді
Дзюдодан Тәжікстан құрамасы әлем бойынша 2023 жылдың ең серпінді ұлттық құрама атанды. Орталық Азия елінің ұлттық құрамасы дауыс беру кезінде бұл марапатқа лайық болып танылды.
Тәжік татами шеберлері биыл гранд-слэм және гран-при турнирлерінің әрқайсысында 3 алтыннан иеленген.
Тәжікстан дзюдошылары әзірге халықаралық жарыстарда үздік нәтиже көрсеткенімен, әлем чемпионаттарынан жүлде иелене алмай келеді. Аталған елдің спортшылары көбіне өзге спорт түріне қарағанда дзюдодан жоғары көрсеткішке ие болып отыр.
Айта кететін жайт, Тәжікстан тарихында алғаш рет Расул Бокиев Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында қола медальға қол жеткізді.
Биылғы әлем бойынша ұлттық құрамалар арасында Тәжікстанның көрсеткіші 32 пайыз болса, Өзбекстан – 31, Жапония – 12, Грузия мен Ресей – 8, Испания – 6, Франция 3 пайызға ие болған.