Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жәмила Бақбергенова Беларусьтегі халықаралық турнирде топ жарды

15.02.2025, 16:13

Бұл – оның 2025 жылдағы алғашқы жарысы

Жәмила Бақбергенова Беларусьтегі халықаралық турнирде топ жарды
UWW

Минскте (Беларусь) күрес түрлерінен КСРО спорт шебері, 3 дүркін Олимпиада және 7 дүркін әлем чемпионы Александр Медведь атындағы халықаралық турнир өтуде. Әйелдер күресінен еліміздің үздік балуаны Жәмила Бақбергенова 72 келіде жеңімпаз атанды. Финалда ол қырғызстандық Қайыргүл Шаршебаевадан басым түсті. 

Бұл – Жәмиланың 2025 жылғы алғашқы жарысы. Соңғы рет ол былтыр әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын.

Жәмиладан бөлек аталған турнирде қазақстандық 3 балуан жүлделі орыннан көрінді. Әйелдер күресінен 59 келіде бақ сынаған Ирина Кузнецова күміс жүлдеге қол жеткізсе, еркін күрестен Әділ Оспанов (65 келі) та күміс алды, ал Серік Бақытханов (125 келі) қола жүлдеге ие болды.

Бұл жарыс биыл 54-ші рет ұйымдастырылып отыр. 2022 жылға дейін Біріккен күрес әлемінің (UWW) күнтізбесінде болып, Гран При статусымен өтіп келген. Алайда, Ресей мен Беларусқа санкция салынған соң аталған статусынан айрылып қалған.

Айта кетейік, Жәмила 25 ақпан күні Алматыда өтетін PWL-8 турниріне қатысады. Қарсыласы – қырғызстандық Айпері Медетқызы.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам