Ресейде өткен күрес турниріне Қазақстаннан 22 балуан қатысып, жиырмасы жеңіліп қалды

15.02.2025, 19:18

Аталған турнир Украинадағы соғыста қаза тапқан орыс сарбазын еске алуға арналды

Ресейде өткен күрес турниріне Қазақстаннан 22 балуан қатысып, жиырмасы жеңіліп қалды
olympic.kz

Ресейдің Суздаль қаласында грек рим күресінен генерал-лейтенант Роман Кутузовты еске алуға арналған 2-ші халықаралық турнир өтті. Аталмыш додаға Өзбекстан, Иран, Қазақстан және Ресейдің барлық өңірінен барған классиктер бақ сынады. 

Қазақстаннан әлем чемпионатының жүлдегері, Олимпиада ойындарына қатысушы және бірқатар белді балуандар қатысты. 

Қазақстандық классиктер арасында 2 балуан жеңіс тұғырынан көрінді. Ең ауыр салмақта сынға түскен Париж Олимпиадасына қатысқан Әлімхан Сыздықов алтын жүлдеге қол жеткізді.  Ең жеңіл салмақта (55 келі) күрескен Марлан Мұқашов турнирдің қола жүлдегері атанды.

Айбек Айтбеков (55 келі), Мейіржан Шермағанбет (67 келі) турнирдің қола жүлдесі үшін күресіп жеңілді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам