Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстандық спортшы әнұранға құрметсіздік танытып, артынша кешірім сұрады (ВИДЕО)

17.02.2025, 22:40

Ол мұны толқығаннан болған жайт деп түсіндірді

Қазақстандық спортшы әнұранға құрметсіздік танытып, артынша кешірім сұрады (ВИДЕО)
instagram.com/sofiiaaverianova1381/

Қол күресінен Өзбекстанда өткен әлем кубогінде бақ сынаған қазақстандық София Аверьянова жеңімпаз атанды. Ал, салтанатты марапаттау рәсімінде еліміздің әнұраны ойнағанда ол бір қолын қалтасына салып тұрған. Ал, оның жанында тұрған екінші спортшы қолын кеудесіне де қоймаған.

Видеоролик әлеуметтік желіде тараған соң желі қолданушылары қос спортшыны қатаң сынай бастады. Осыдан кейін София Аверьянова дереу кешірім сұрап, өзінің бұл әрекетін толқығаннан деп түсіндірді.

«Мен әнұран кезіндегі әрекетім үшін кешірім сұраймын. Менің жаман ойым болған жоқ. Мен құрметсіздік көрсеткім келген жоқ. Мұқият болуым керек еді. Бұл құрметсіздіктің белгісі екенін білген жоқпын. Екінші спортшының қолын жүрегіне қоймағанына қатысты айтатын болсам, ол жарыс кезінде қолын жарақаттаған. Сол себепті физикалық тұрғыда қолын көтере алмайтын еді», - деді София.

Осыдан кейін спортшыны қолдап, оны чемпион атануымен құттықтап жазғандар көп болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам