Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Елдос Сметовтың суреті халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне енді

19.02.2025, 00:19

Күнтізбеге әлемнің ең даңқты дзюдошыларының суреті енеді

Елдос Сметовтың суреті халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне енді
olympic.kz

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтың суреті халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) күнтізбесіне енді.

IJF күнтізбесіне жариялауға ресми рұқсат етілген, спорттың абыройын асқақтатын, Халықаралық дзюдо федерациясының талаптарына сай фотосуреттер ғана салынады.

Сондай-ақ, күнтізбеге дзюдо тарихында елеулі еңбегі сіңген Олимпиада немесе Әлем чемпионатының жеңімпаздарының суреттері ғана енгізіледі.

2025 жылғы жаңартылған күнтізбеге Елдос Сметовтың Париж Олимпиадасында марапаттау сәтіндегі сурет қойылған.

Еске салайық, Елдос Сметов 2016 жылы Рио Олимпиадасында алтынға бір табан жақын жерде сүрініп, күміс жүлдеге ие болған еді. Кейін 2020 жылы Токио Олимпиадасында қола медальды қанжығалады. Ал, 2024 жылы өзінің үшінші Олимпиадасының финалында франциялық Лука Мхайдзені жеңіп, алтыннан алқа тақты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам